Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Талдықорғанға кіріп-шыққан 46 128 адам тексеруден өтті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы аумағында 1 тұрғыннан коронавирус белгісі анықталған болатын. Қазір Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар емханасында оқшауланған науқастың жағдайы тұрақты. Онымен байланыста болған 11 адам да дәрігердің бақылауында.

Талдықорғанға кіріп-шыққан 46 128 адам тексеруден өтті

Бүгінде облыс аумағында індетпен күрес жұмысы күшейтілген. Алматы қаласымен шекаралас аудандарға кіретін жолдарда қосымша өткізу бақылау бекетері қойылды. Осындай сақтық шаралары облыс орталығы Талдықорған қаласының аумағына да қолға алынды. Қалаға кіретін 4 бағыттағы жол бойында санитарлық бақылау бекеттері жұмыс істеуде. Бүгінге дейін қалаға кірген 18340 автокөлік тексеруден өткен. Ал облыс орталығына 46 128 адам кіріп-шыққан екен.

Санитарлық бақылау бекеттерінде медицина қызметкерлері жолаушылардың дене қызуын тексеруде. Арнайы құрылығы адам бойындағы қалыпты температураның жоғарылағанын көрсетсе, жолаушыға бекеттен өтуге тиым салынады. Кешеден бері тексеруден өткен адамдардың арасынан дене қызуы анықталған  27 жолаушы кері қайтарылып, оларға тіркелген мекен жайы бойынша дәрігерге қаралуға кеңес беріліпті.

- Облыс аумағында індет белгісі табылғандықтан, бақылау шарасы күшейтілді. Қазір Алматы қаласынан облысқа шығатын жолдар жобылды, облыс тарапынан да қосымша санитарлық бақылау бекеттері қойылған. Облыс орталығына кіреберіске де 4 жерден санитарлық бекет қойылды. Талдықорған қаласы бойынша індет жұқтыру дерегі тіркелген жоқ, - дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

 

 

Алматы облысы